Атқылаудың қандай да бір салдары туралы ақпарат жоқ
Жексенбіде Индонезияның Шығыс Ява провинциясында (Ява аралы) Семеру жанартауы атқылады. Бұл туралы Индонезияның табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жанартау күл мен түтін бағанасын 1,5 мың метр биіктікке лақтырып жіберген. Жанартауға 5 шақырымнан жақын қашықтыққа жақындауға тыйым салынады. Атқылаудың қандай да бір салдары туралы ақпарат жоқ.
Сонымен қатар, Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы қазіргі уақытта цунамидің пайда болу қаупіне байланысты алынған мәліметтерді зерттеп жатқаны туралы ескерту жасады. Егер цунами болса, онда толқындар Оңтүстік Окинава префектурасындағы шеткі аралдарға жетуі мүмкін.
Семеру жанартауы дәл бір жыл бұрын 4 желтоқсанда атқылаған болатын. Салдарынан 50-ден астам адам көз жұмды. Семеру – Ява аралындағы ең биік шың. Индонезия аумағында 130-ға жуық белсенді жанартау бар.