Иракта жұмыс істеп жүрген 293 оңтүстіккореялық азамат елге оралған, олардан Covid-19 анықталған
Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда 113 вирус жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл соңғы үш айдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жұқтыру оқиғаларының көбі - «сырттан әкелінген», науқастанған 113 адамның тек 27-і ғана соңғы аптада ешқайда шықпаған. Оңтүстік Кореядағы Пусан қаласының портында тұрған «Петр Первый» балық аулайтын кемесіндегі 23 ресейлік теңізшіден Covid-19 анықталды. Оңтүстік Кореядағы Ресей бас консулдығы сырқаттанған Ресей азаматтарының ауруханаға жатқызылатынын мәлімдеді. Осы аптада Иракта жұмыс істеп жүрген 293 оңтүстіккореялық азамат елге оралды. Көбінде Covid-19 анықталған.