Oл отбасы мүшелері де коронавирус жұқтырғанын айтты
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті», – деп жазған ол видеоның сипаттамасында.
Пашиняннің айтуынша, вирустың ешқандай белгілері жоқ. Сондай-ақ, ол отбасы мүшелері де коронавирус жұқтырғанын айтты. Барлығы оқшауланған.
Никол Пашинян бұл қызметке 2018 жылдың 8 мамырына келген еді.