Еуропа елдерінде соңғы екі күнде «Юнис» дауылынан кем дегенде 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қатты дауылдан Нидерландыда төрт, Польшада төрт, Ұлыбританияда үш, Германия мен Бельгияда екі, Ирландияда бір адам көз жұмды. Жұма күні кей жерлерде жел сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан. Көп адам дауыл салдарынан болған автомобиль апаттарында жарақат алды. Францияның солтүстігінде жарақаттанған 30 оқиға тіркелді.
Метеорологтардың пайымдауын бойынша «Юнис» дауылы соңғы отыз жылдағы Еуропадағы ең күшті табиғи апаттардың бірі болды. Миллиондаған үйлер уақытша жарықсыз қалды, көптеген аймақтарда пойыздар мен басқа да қоғамдық көліктер тоқтап, апат аймағындағы әуежайлар жүздеген рейстерді кейінге қалдырды.