|
20.02.2022 | 15:06
1426

БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды

БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды  Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жыл ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша бүгін жергілікті сағат 11.30-дан облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын (0-337 км), Ақсай-Жымпиты (38-159 км) жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. 

Жабылу себебі - күшті боран, жолдың жабылу себебі. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Сонымен қатар ауа райының жақсаруына орай «ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, республикалық маңызы бар Орал-Тасқала (Оралдан РФ шекарасына дейін), Атырау-Орал ( Чапаевтан Атырау облысының шекарасына дейін), Чапаев-Жалпақтал-Казталов (Чапаев-Үштөбе) жолдары ашылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир