|
11.09.2019 | 15:50
8245

Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды

Ресейлік эстрада жұлдызы қала күніне орай тұрғындардың алдында ерсі би билеп, халықтың ашуына тиген

Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды фото из открытых источников

Ресейлік танымал әнші Дима Билан Самарадағы концертке мас болып келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

8 қыркүйек күні Ресейдің Самара шаһарында қала күні аталып өткен болатын. Мерекеге орай үлкен концерт ұйымдастырып, эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен. Олардың арасында Дима Билан да болды. Бірақ сахнаға шыққан әртіс әндерін дұрыс орындамай, ерсі би билеп, халықтың ашуына тиген көрінеді. Оның бұл қылығын көрермендер видеоға түсіріп алыпты.

Осыдан кейін Дима Билан сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындап, Самара тұрғындарынан кешірім сұрады. Сонымен бірге балаларға ойын алаңын салып беруге және ауруханаға балаларды емдейтін медициналық құрылғы сатып әперуге уәде етті.

«Достар, сіздерден кеше Самарада өткен концерт үшін кешірім сұраймын. Мен қателестім. Сахнада мас күйімде өнер көрсеттім. Әртістер бөлмесінде достарымды кездестіріп, қонақүйге барған соң, коньяк ішкен едім. Қанша ішкенімді білмей қалыппын», - деді Билан Instagram парақшасындағы видео үндеуінде.

Сондай-ақ әнші қала халқына тегін концерт ұйымдастырып беретінін жеткізді. Қазір ол қала әкімшілігімен осы мәселе бойынша келісіп жатыр екен.

Диман Билан өз тыңдармандарын жақсы көретінін айтып, бұдан былай оларды жерге қаратпауға сөз берді.

Бұған дейін Самара тұрғындары ресейлік әнші халық алдында кешірім сұрасын деген талаппен электронды петицияға қол жинай бастаған болатын. Ал әншінің директоры Дима Биланның сары аурумен ауыратынын айтып, болған жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир