Үндістанға жойқын дауыл төніп келеді: пойыздар тоқтап, әуежайлар жабылып жатыр

Үндістанға жойқын дауыл төніп келеді: пойыздар тоқтап, әуежайлар жабылып жатыр
Орисса билігі 1 млн адамды эвакуациялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанның теміржол министрлігі «Фани» қуатты циклонының жақындауы салдарынан шығыстағы Орисса (бұрынғы аты Одиша)  штатының  аумағынан өтетін 220 пойыздың тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұма күні The Economic Times газеті жазғандай, Үндістанның азаматтық авиация басқармасы Бхубанешвар қаласында әуежайдың жабылатынын жариялады. Жұма күні Калькуттада да әуежай жабылады.

Орисса билігі 1 млн адамды эвакуациялады. Оларды жағалаудан шалғайда жатқан уақытша орналастыру лагерлеріне жайғастырады.

«Фани» циклоны штатқа Бенгал шығанағы тарапынан келе жатыр. Метеорологтардың есептеуі бойынша, ол жағалауға жұма күні жетуі тиіс. Онымен бірге қатты жел соғып, нөсер жаңбыр жауады. Оның екпіні 200 км/сағатқа дейін жетеді. 1999 жылы осындай дауылдан 10 мың адам қаза тапқан еді. Сондықтан, штаттың үкіметі жағалауға жақын жерде тұратын тұрғындары эвакуациялау туралы шешім қабылдады.


Новости партнеров