АҚШ-тан өз азаматтарын алып кетпеген елдерге санкция салынуы мүмкін

11.04.2020 19:50

АҚШ-та коронавирустан 18 761 адам қайтыс болды

© AFP 2020 / Saul Loeb

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні арнайы жарлыққа қол қойды. Ол жарлыққа сәйкес, коронавирус індеті кезінде өз азаматтарын қайтарып алмай немесе кедергі келтіріп отырған елдерге визалық санкция салуға құқық береді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады РИА Новости

«Санкциялар SARS-CoV-2 вирусы туындатып отырған пандемия кезінде Құрама Штаттарда жүрген өз азаматтарын немесе резиденттерін қбаылдауды негізсізт кейінге шегеріп немесе бас тартып отырған елдерге салынуы мүмкін», - делінген құжатта. 

Құжатта аталмыш құқықбұзушылықты Мемлекеттік хатшыға АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі хабарлап отыру керек делінген. Ал Мемдеп басшысы өз кезегінде, жеті күн мерзім ішінде ондай елдерге визалық шектеулер енгізу туралы шешім қабылдауы тиіс. 

Айта кетсек, қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 499 252 адамға жетті. 18 761 адам қайтыс болды. 28 790 адам ауруынан жазылып шықты.