Үндістанда бір тәулікте 410 адам коронавирустан көз жұмды

29.06.2020 19:30

Жалпы елде ауруға шалдыққандар саны 528 859 адамға жеткен

Үндістанда коронавирус індетіне шалдыққан адамдарды емдеуге арналған әлемдегі ең үлкен ауруханалардың бірі ашылды. Бұл күні елде бір тәулікте коронавируске шалдыққан адамдардың рекордтық саны тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістанда 10 мың науқасқа арналған Sardar Patel COVID Care Centre медициналық мекемесі жексенбі күні жұмысына кірісті. Әзірге аурухана 2000 пациентті қабылдай алады.  Sardar Patel COVID Care Centre ауруханасының «әлемдегі ең үлкен ауруханалардың бірі» екені хабарланды. Соңғы тәулік ішінде елде коронавируске шалдығудың 19 906 жаңа оқиғасы тіркелген, 410 адам қайтыс болды. Ал жалпы елде ауруға шалдыққандар саны 528 859 адамға жетіп, індеттен 16 095 адам көз жұмған.