Нью-Йорк губернаторы Кэти Хокул маймыл шешегін жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты штатта төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Штат әкімшілігі сайтында маймыл шешегін жұқтырғандар қатарының көбеюіне байланысты губернатор төтенше жағдай режимін жариялағаны көрсетілген.
«Мен және менің командам халықты вакцинамен және тестпен қамтамасыз етуді арттыру мен сақтық шаралары туралы жұртшылықты хабардар ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз», - деді Хокул.
Сонымен қатар ол АҚШ аумағындағы маймыл шешегі бойынша әрбір төртінші жағдай осы штатта тіркелгенін атап өтті.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының мәліметінше 29 шілдеде Нью-Йоркте маймыл шешегін жұқтырғандар қатары 1 345 жеткен.