Қалыңдық күйеу жігіті көбейту кестесін білмегені үшін той үстінде тастап кетті

09.05.2021 19:32

Отбасылар үйлену қарсаңында жасалған сыйлықтар мен зергерлік бұйымдарды бір-біріне қайтаруға келісті.

Үндістанда қалыңдық көбейту кестесін білмеген үшін күйеужігітті тастап, үйлену тойынан бас тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап.

Той 1 мамырда Уттар-Прадеште өткізілуі керек болған. Жас жігіттің біліміне күмәнданған қыз одан 1-ден 9-ға дейінгі сандарды екіге көбейтуді сұрапты. Күйеу мұны істей алмағаннан кейін, қалыңдық оған үйленуден бас тартты.

«Күйеу жігіттің отбасы оның білімсіздігін жасырып келген. Мүмкін ол тіпті мектепке бармаған шығар», – деді қыздың немере ағасы оның іс-әрекетін мақтан тұтатынын айтты.

Порталдың хабарлауынша, отбасылар үйлену қарсаңында жасалған сыйлықтар мен зергерлік бұйымдарды бір-біріне қайтаруға келісті.