Нью-Йорктегі атыстан бір адам көз жұмды
Depositphotos
Полиция жарақаттанған бес адамды ауруханаға жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дүйсенбіде Нью-Йорктегі Гарлем ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ атып, 1 адам қаза тапты және 8-і жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полиция жарақаттанған бес адамды ауруханаға жеткізді. Тағы төрт зардап шегуші медициналық мекемеге жеке көлігімен барған. Жарақаттанғандардың бірі, 21 жастағы баскетболшы алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды. Кейінірек оның Дариус Ли екені анықталды, ол оқиға орнынан бір квартал жерде тұрған. Жаппай атыстың себебі мен күдіктілер туралы ақпарат әзірге жоқ. Полиция оқиға орнынан атыс қаруын тапты. Бұған дейін Вашингтондағы мерекелік концертте атыс болып, адамдар қаза тапқаны туралы хабарланған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52