Еуропаның бірнеше елін су басты

Almaty.tv
Almaty.tv
Бельгияның Воерен провинциясында 500 отбасы жарықсыз отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуропаның бірнеше елін су басты. Нөсерлеп жауған жаңбыр салдарынан Германияның, Бельгияның және Нидерланды мемлекеттерінің көшелерінде жүру мүмкін емес, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бельгияның Воерен провинциясында ел тарихында болмаған су тасқыны болды. Кішкентай ғана Бервийн өзені арнасынан асып, көшелерді су басқан. Ғимараттардың ішіне еніп, жүру мүмкін болмай қалыпты. Жергілікті тұрғындар мұндай құбылысты мүлде көрмегендерін айтып, әлеуметтік желіге бейнежазбалар жүктеп жатыр. Елдімекендегі 500 отбасы жарықсыз отыр. Көшелерді тазалау жұмыстары басталып та кетіпті.

Ал Францияның Рейн департаментінде жаңбыр бірнеше күн қатарынан тоқтамай жауған. Салдарынан Мозеля ауданындағы өзен арнасынан асып, қатты ағыс бірнеше көлікті сүйреп әкеткен. Судың толқыны құтқарушылар жүрген қайықтың құлатып жатыр.  

Германияның оңтүстік-батысындағы Саар өзені де арнасынан асып кеткен. Сөйтіп көшеде адам түгілі техниканың жүруі қиындаған. Құтқарушылар тұрғындарды қайықпен қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Ауғанстанда су тасқынынан 50-ге тарта адам көз жұмды. Мыңнан астам үй жарамсыз күйде қалды. Ең көп зардап шеккен – Бағлан провинциясы. Ал БҰҰ аталған елде «табиғи апаттан 300-ден астам адам өмірімен қош айтысты» деген ақпар таратты.

Өмір Серікбекұлы, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қарғын су: Петропавлда дезинфекциялау жұмыстары қалай жүргізілуде

Новости партнеров