АҚШ-та шөл ортасында 5 млн адамға арналған қала салынады

03.09.2021 19:38

Телос қаласын салу тығыздығы әр гектарға шамамен 33 адамды құрайды

worldarchitecture.org

Даниялық Bjarke Ingels Group (BIG) компаниясы АҚШ-тағы шөлдің ортасында салынатын Телос деп аталатын бес миллион адамға арналған қала құрылысын жүзеге асыру жобасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

World Architecture Community мәліметінше, қала жоспары 12 мың гектардан басталады, 10-20 жыл ішінде салынады. Алдағы 40 жыл ішінде қала халқы 5 миллион адамға дейін өседі деп болжануда. Алайда ұйымдастырушылар 2030 жылға қарай 50 мың адамға арналған қала құруды мақсат етіп отыр. Телос қаласын салу тығыздығы әр гектарға шамамен 33 адамды құрайды. Бұл Сан-Францискодағы құрылыс тығыздығына тең. Телостың алғашқы тұрғындары 2030 жылы қоныс аударады деп күтілуде.

Айта кету керек, 60,7 мың гектардан астам аумаққа нөлден бастап қаланы салу идеясы кәсіпкер Марк Лорға тиесілі. Өз кезегінде жобамен даниялық сәулетші және BIG бюросының негізін қалаушы Бьярке Ингельс айналысады. Қала бірнеше ауданға бөлінеді. Ғимараттар экологиялық таза материалдардан тұрғызылады, қасбеттері ішінара өсімдіктермен жабылады, ал автономды көлік құралдары жол бойымен қозғалады.


Теги: қала