Еуропаның бірнеше өңірінде су тасқыны жайлады

elements.envato.com
elements.envato.com
Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыбританияға "Хэнк"дауылы соққы берді. Корольдіктің оңтүстік өңірінде күшті жел тұрып, үздіксіз нөсер жауып тұр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Лондонның төтенше жағдайлар қызметі қаланың Гринвич ауданындағы көшені жапты. Себебі мұнда ағаштар жел екпініне шыдамай, жолға құлаған.

Бұған қоса су тасқыны жайлады. Электр жарығы өшіп, пойыз қатынасында кедергілер болды. Ал Францияның солтүстік-батысында қауіптің қызыл түсті деңгейі жарияланды. Мұнда өзендер арнасынан шыққан. Жағалаудағы қалаларды су басты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Үздіксіз нөсер әлі тоқтаған жоқ.

Ауа райы болжамына сай, жаңбыр ертең де жауады. Бұдан бөлек, Германияда да өзендер арнасынан тасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында автобус шахта маңындағы шұңқырға құлады

Новости партнеров