Анасы көз жұмған ұлының жылағанын байқап, денесін өртер алдында аман алып қалды
Гэндэм Киранның 26 маусым күні дене қызуы көтеріліп, құса бастады. Дәрігерлер оған гепатиттің ауыр түрі деген диагноз қойды. Екі күннен соң жағдайы нашарлап, дәрігерлердің кеңесімен жеке емханаға ауыстырылған, деп жазды stan.kz.
Үндістандық жігіт комаға түсіп қалды. 3 шілде күні дәрігерлер жігіттің миы өліп қалғанын өмір сүру мүмкіндігі жоқ екенін айтады.
Ата-анасы Киранды жасанды тыныс алу аппаратынан алып, үйіне жеткізеді. Соңғы демін туған жерінде алғыздырмақ болады. Мәйітті өртеуге дайындалып жатқанда анасы баласының көзінен аққан жасты байқайды. Сөйтіп, дереу дәрігер шақыртады.
Дәрігер оны тексерген соң жүрегі соға бастағанын айтады. Аппарттан ажыратқаны бекер болғанын ескертеді.
Жеткіншекті қайта емханаға жеткізді. 3 күннен соң науқас оянып, тіпті тілге келе бастады. 7 шілде күні оны емханадан шығарды. Қазір үйінен ем қабылдап жатыр.