Ауғанстан астанасында «Әл-Каиданың» жетекшісі Айман әз-Завахири өлтірілді

02.08.2022 в 19:40

Орталық барлау басқарма ұшағының соққысы нәтижесінде көз жұмған

Ауғанстан астанасында «Әл-Каиданың» жетекшісі Айман әз-Завахири өлтірілді. Ол Орталық барлау басқарма ұшағының соққысы нәтижесінде көз жұмған. АҚШ-тың ақпарат агенттігі мәліметті кеше растап, операция барысында бейбіт тұрғындарға залал келтірілмегенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал «Талибан» қозғалысының өкілі бұл әрекетті «халықаралық принциптерді бұзу» деп бағалап отыр.  

«Әл-Каида» әмірі Айман Завахири бен Ладеннің ұстазы болған. Олар америкалық 2977 адамның өлімі үшін жауапты. Енді әділдік салтанат құрды. Лаңкестердің басшысы енді жоқ», – деді АҚШ президенті Джо Байден.