|
23.05.2022 | 14:41
424

Канадада дауыл соғып, 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

Табиғи апат салдарынан үстіне ағаш құлаған 4 адам көз жұмды

Канадада дауыл соғып, 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды  bbc.com

Канаданың оңтүстігіндегі Онтарио және Квебек провинцияларында қатты дауыл салдарынан 900 мыңға жуық үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Табиғи апат салдарынан үстіне ағаш құлаған төрт адам көз жұмды, ал Оттава өзенінде қайық аударылып, бір әйел суға батып кетті. Канаданың қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, жел екпіні 132 км/сағ жеткен. Дауылдан соң көп ағаш құлап, көлік қозғалысы бұзылды, көптеген үйлер зардап шекті, төтенше жағдайлар қызметі көмекке шақырған қоңырауларды қабылдап үлгермеді. Онтарио провинциясын қамтитын Hydro One энергетика компаниясы әрбір үйді электр қуатына қайта қосу үшін бірнеше күн қажет екенін мәлімдеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир