Жалпы Өзбекстанда 44 мың 418 адам КОВИД-19 жұқтырған екен
Қазақстандағы ахуал тұрақталып келе жатқанымен, әлемде індет қайта өршіп барады. Централ Азия баслымының ақпарына сай, Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт көбейіп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеше көрші елде 443 жаңа жағдай тіркеліпті. Бұл 7-ші қыркүйекпен салыстырғанда 131-ге көп. Өткен тәулікте 6 адам аталған аурудан көз жұмған. Жалпы Өзбекстанда 44 мың 418 адам КОВИД-19 жұқтырған екен. Ал, Индонезияда маска режимін бұзғандар қатаң жазаланып жатыр. Құқық бұзушылар айыппұл арқаламайды екен. Оның орнына тәртіпті сақтамаған адам КОВИД-19-дан көз жұмған адамды таситын көрге жатқызылады. Сонымен қатар, 3 ай базар немесе кәріз жүйелерін тазалауға жегіледі.