Қайтыс болғандардың басым бөлігі жастар
Үндістанның бірнеше штатында жойқын найзағай соғып, салдарынан 70-тен астам адам қаза тапты. Соңғы ақпар бойынша Канпур мен Праяградж елді-мекенінде 42, Джайпур қаласында 23 адам табиғаттың тосын құбылысынан мерт болған, деп хабарлайды Almaty.tv
Қайтыс болғандардың басым бөлігі жастар. Жергілікті билік өкілдері құрбан болған азаматтардың отбасыларына 500 мың рупий, яғни 2 млн 800 мың теңге көлемінде өтемақы беруге уәде еткен. Жалпы Үндістанда табиғи апаттардан болатын өлімнің ең көбі осы найзағайдан келеді. Соңғы бір жылдың ішінде 1600-ден астам адам найзағайдың соққысынан көз жұмған.