|
20.05.2019 | 14:43
2167

Владимир Зеленский Украинаның Жоғары Радасын таратты

Владимир Зеленский объявил о роспуске Рады и проведении в стране в течение двух месяцев парламентских выборов

Владимир Зеленский Украинаның Жоғары Радасын таратты ТАСС

Украина президенті атанған Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Зеленский Украина конституциясы мен Інжілге қолын қойып, ант мәтінін оқыды. Отырысқа қатысушылар Президенттің антын түрегеп тұрып тыңдады. Осыдан кейін отырысқа төрағалық еткен Жоғарғы Рада төрағасы Андрей Парубий Президент Зеленскийді Жоғарғы Рададағы Украина Президентінің орнына жайғасуға шақырды», - делінген хабарламада. 

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Слипачук Владимир Зеленскийге Украина президентінің куәлігін тапсырды. 

Конституциялық сот төрайымы Наталия Шаптала Владимир Зеленскийге Президент белгісін, шоқпар мен елтаңба мөрін берді. Сондай-ақ, Украина президенті сегізінші шақырылымдағы Жоғарғы Раданы тарататынын жария етті.

Айта кетерлігі, Украина президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі делегациясы қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров басқарды. 

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясының 30 сәуірде өткен отырыс хаттамасына сәйкес, Владимир Зеленский Украина Президенті болып сайланды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

украина
Новости партнеров
Прямой эфир