Ұшақ апатынан тірі қалған балалар 17 күннен кейін табылды

19.05.2023 19:45

Cessna 206 ұшағы 1 мамырда апатқа ұшыраған болатын

Reuters

Колумбияда ұшақ апатынан тірі қалған төрт бала 17 күннен кейін табылды. Олар  джунглидің арасынан шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Cessna 206 ұшағы 1 мамырда апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ апатынан соң жоғалып кеткен балалардың тірі табылғанын ел президенті Густаво Петро хабарлады.

«Біздің Қарулы күштеріміз жүргізген ауыр ізденістен кейін Гуавьярдағы ұшақ апатынан соң хабар-ошарсыз кеткен төрт баланы тірідей таптық. Бұл – еліміз үшін қуанышты жаңалық», - деп жазды Петро.

Айта кетсек, апат алдында Cessna 206 әуе кемесінің қозғалтқышы істен шығып, экипажы орталыққа апаттық дабыл берген. Құтқарушылар ұшақтың қалдығын 370 сағаттан астам уақыт іздеген соң бір-ақ тапқан. Ұшақ бортында ұшқыштың ғана денесі жатқан.

Ал арада екі аптадан астам уақыт өткенде орманнан ересек үш жолаушының денесі табылған еді. Бортта ұшқыштан бөлек, 7 жолаушы болған. Олардың төртеуі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар.