|
26.09.2019 | 14:47
2373

«Сынған iPhone үшін»: қыздар студент жігітті ұрып-соғып, зорлап тастаған

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қыздар тұтқындалды

«Сынған iPhone үшін»: қыздар студент жігітті ұрып-соғып, зорлап тастаған

Татарстанда екі қыз студент жігітті зорлап тастаған. Белгілі болғандай, олар сынған iPhone үшін осындай әрекетке барған.

Бұл туралы Stan.kz  «Татар-информ» АА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 22 жастағы қыз смартфонын жөндету үшін, үйіне 19 жастағы студент жігітті шақырыпты. Бұл кезде пәтерде қыздың 32 жастағы құрбысы да болған екен.

Жас жігіт оған iPhone-ды қайтарып бергенде, қыз смартфонның экраны шытынап кеткенін байқапты. Мұнан кейін ол студенттен 3 мың рубль (18 мың теңгеден аса) көлемінде өтемақы талап етеді. Алайда жігіт төлеуден бас тартқан. Сол кезде қыздар жігітті ұрып-соғып, интимдік ойыншықтың көмегімен зорлап тастапты.

Сонымен қатар, қыздар бұл жайтты видеоға түсіріп алған. Өз кезегінде студент ақша алып келу үшін жіберулерін сұрап, артынша бірден полицияға жүгінеді.

Нәтижесінде оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қыздар тұтқындалды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир