Ғалымдар дауыл кезінде адамдардың басы ауырып, әлсіздікті сезінуі мүмкін екенін ескертеді
28-29 шілде аралығында жер бетінде күшті магниттік дауыл болады. Бұл туралы Ресейдің АҚ және ТЖ мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бастығы Сергей Диденконың баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sibkray.ru-ге сілтеме жасап.
Бұл уақытта электрондық құрылғылардың, телекоммуникация арналарының және байланыс құралдарының жұмысында ақаулар болуы мүмкін.
Магниттік дауыл тек жасы егде адамдарға ғана емес, жастарға кері әсер етеді. Көптеген адамда бас ауруы, жүрек айну, құсу, ұйқысыздық сияқты белгілер пайда болуы мүмкін.