Жахонгир Отажонов тойда төбесінен ақша жаудырып, қонақтарды таңқалдырған
Өзбектің танымал әншісі Жахонгир Отажонов лицензиясынан айрылды, деп хабарлайды sputniknews.kz «Узбекконцерт»-ке сілтеме жасап.
Ол енді Өзбекстанда концерт бере алмайды.
«Жахонгир Отажонов мораль сөзін ұмытқан. Ол қасиетті Рамазан айында этика мен ұлттық дәстүрді бұзды», - делінген мекеме таратқан хабарламада.
Әншінің өзі жақында видеоүндеу жариялап, «маған бәрібір» деп мәлімдеген.
«Қаласаңыздар, менің лицензиямнан айырыңыздар. Олай істеуге сіздердің құқықтарыңыз бар», - деді Жахонгир Отажонов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде әншінің тойда төбесінен ақша жаудырғаны жайлы видео тараған болатын. Оған қонақтар таңқалған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.