Жазбаның қанша лүпіл жинағанын тек әлеуметтік парақшаның иесі ғана көре алады
АҚШ-та Instagram әлеуметтік желісі келесі аптада сынақ режимінде суреттің астындағы лүпілдердің санын көрсетпей тұратын жаңа функцияны іске қоспақшы. Бұл туралы желінің бас директоры Адам Моссери мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz.
Жазбаның қанша лүпіл жинағанын әлеуметтік парақшаның иесі ғана көре алады екен. Instagram желісі басшыларының айтуынша, бұл үрдіс әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бәсекелестікті азайтады.