Каратэ турнирі кезінде жаппай төбелес болды (видео)

Елірген еркектерді ішкі істер органдарының қызметкерлері әрең ажыратты, төбелескен төреші мен бапкерлер жұмыстан қуылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстанның астанасында каратэден турнир өтіп жатқанда төрешілер мен бапкерлер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

Оқиғаның видеосы Xabar в YouTube арнасында жарияланды.

Басылымның мәліметінше, бұл 16 қазанда болған, тараптарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері ажыратты.

Өзбекстанның дене шынықтыру және спорт министрлігінің хабарлауынша, төбелестен кейін дереу қызметтік тексеріс жүргізілген. Жанжалдасып қалған  төреші мен бапкерлер қызметінен босатылды.

"Төбелес салдарынан ешкім зардап шекпеді, дегенмен тәртіптік шаралар қолданылды", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде Өзбекстан каратэ федерациясының төрешісі Буриев екі жылға шеттетілді, "Каратэден чемпион" спорт клубының бапкері Юсупов та осындай жазаға тартылды. Ал оның Сурхандария облысынан келген әріптесіне қатаңдау жаза кесілді – ол үш жыл ішінде бұрынғы қызметін атқара алмайды.  

Новости партнеров