АҚШ-та 23 жастағы Лавили Джонсон өзінің 6 айлық ұлы Нойдың өліміне кінәлі екенін мойындады
Әйел баласын автокөлік креслосына байлап, ыстық бөлмеде қалдырып, өзі сауық кешіне кетіп қалған. Сәби үш күн бойы қапырықта ас-сусыз қалған екен. Бұл уақытта анасы көңіл көтеріп, есірткі шегіпті. Ол есін жиып, үйіне келгенде, сәбиінің ес-түссіз жатқанын көреді. Мұнан кейін баласын ауруханаға алып барыпты. Алайда кеш еді. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін әйел тұтқындалды, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Сот төрағасының сөзінше, бұл сұмдық жағдайға Лавилидің қиындыққа толы балалық шағы әсер еткен. Джонсон соттан өзіне түсіністік танытуын сұрап, егер баласы үшін жанын беру керек болса, ойланбастан өлуге дайын екенін айтты.
Нәтижесінде әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның 4 жасар қызы қалды. Бүлдіршін қамқорлық органдарына тапсырылды.