|
20.02.2019 | 14:56
2571

Іші ауыратынын айтқан ер адамның асқазанынан 2 келі тас, қақпақ және тиын шықты (ФОТО)

Рентген ер адамның асқазаны бөгде заттарға толып кеткенін көрсеті

Іші ауыратынын айтқан ер адамның асқазанынан 2 келі тас, қақпақ және тиын шықты (ФОТО) stan.kz

Оңтүстік Кореяның Коян қаласында дәрігерлер ер адамның асқазанынан 2 келі тас, шөлмектің қақпағы мен тиын алып шыққан.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

54 жастағы ер адам дәрігерге барып, ішінің ауыратынын айтып шағымданған. Оның іші ісініп кетіпті. Ал ішін ұстаған кезде, терісінің астында ұсақ тас сияқты заттар бары сезілген. Сол кезде пациент өзін тыныштандыру үшін ұсақ тастар мен тиындарды жейтінін мойындады.

Рентген ер адамның асқазаны бөгде заттарға толып кеткенін көрсеті. Басапқыда дәрігерлер оның асқазанындағы заттарды гастроскоптың көмегімен алмақ болды. Алайда асқазандағы бөгде заттардың көптігінен, бұл мүмкін болмады.

Дәрігерлер пациенттің асқазанынан тастар, шөлмектің қақпақтары мен тиындарды алып шығу үшін ота жасады. Ер адам ауруханада 9 күн жатты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир