АҚШ-та коронавирустан 114 мыңнан астам адам көз жұмған

11.06.2020 в 19:59

Әлемде 419 мыңнан аса адам COVID-19-дың құрбаны болған

Әлем бойынша коронавирустан жазылып шыққандар саны 3 миллион 780 мыңға жетіп, вирусты жұқтыру бойынша 7 миллион 461 мыңнан аса расталған оқиға тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

АҚШ науқастар мен көз жұмғандар саны бойынша тізімнің басында тұр. Ол елде 114 мыңнан астам адам өлген.  Ал,  Ұлыбританияда вирусты жұқтырғандар 290 мың 143-ке жетсе де, карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр.  15 маусымнан бастап ашық кинотеатрлар, хайуанаттар бағы және діни мекемелер ашылады екен.  Айта кетейік, қазіргі ақпаратқа сәйкес әлемде  419 мыңнан аса адам COVID-19-дың құрбаны болды.