Әйелдер суды 20 метр тереңдіктен арқанмен түсіп алып жүр (видео)

30.04.2019 20:05

Үндістанның батысында әйелдер арқанмен түсіп, 20 метр тереңдіктегі суды алып ішуге мәжбүр.

Штаттағы 25 ауылда осындай жағдай. Мұнда ішер су тапшы. Видео Махараштра штатының Бадевади ауылында түсірілген.

Жергілікті тұрғындар билік өкілдерінің су мәселесін шешпейтінін айтып ашынды.

Әйелдер ішер суды 20 метр тереңдіктегі жер астынан арқанмен түсіп алуға мәжбүр. Себебі таза су сол жерде ғана қалған.