АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтады

31.08.2021 в 20:05

Өткен түнде Кабул әуежайынан америкалық соңғы әскери ұшақ ұшып кетті

АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтады. Өткен түнде Кабул әуежайынан америкалық соңғы әскери ұшақ ұшып кетті. Аталған ақпаратты Пентагон өкілі Кеннет Маккензи растады, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның айтуынша, америкалықтар Ауғанстанда қалған 26 әскери техника мен 73 ұшақты әдейі істен шығарған. Осылайша, АҚШ әскері ел аумағынан шыққан соң, Кабул халықаралық әуежайы да толығымен Қазақстанда тыйым салынған «Талибан» қозғалысының бақылауына өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Ауғанстанның билігіне келген тәліптер АҚШ әскери күштеріне 31-тамызға дейін елден кетуді міндеттеген еді.