Құтқарушылар аман қалғандарды іздеуге кірісті
Жапониядағы бірнеше жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 30-ға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kyodо агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа жыл күні Жапонияның орталығындағы Ното түбегінде және оған жақын аудандардағы жер сілкінісінен кем дегенде 30 адамның қаза тапқаны расталды. Құтқарушылар аман қалғандарды іздеуге кірісті.
7,6 балдық жер сілкінісі Исикава префектурасының Вадзима қаласында өртке ұласты. Исикава префектурасының шенеуніктері хабарлағандай, өрт орталық Вадзима аймағында 200-ден астам құрылысты шарпыды, бірақ олар бақылауға алынды.
Вадзимада жеті қабатты ғимарат бүйірінен құлап түсті, ал таңертеңгі базарымен танымал орталық аймақ дүйсенбіде шыққан үлкен өрттен жанып кетті.
Басқа шенеуніктер қалада үйінділер астында қалған 14 адам туралы хабарлады.
Оқи отырыңыз: Еліміздің 4 облысында жол учаскелері жабылды