Әйелінің хатын оқып қойған ер адам жантүршігерлік қылмыс жасады

10.07.2019 20:08

Ер адам әйелінің шіркеу қызметкеріне жазған хатын оқып қойған


Жаңа Зеландияның Окленд қаласы тұрғыны әйелін шіркеу қызметкерімен көңіл қосты деп күдіктеніп, ер адамды пышақтап өлтірген. Қазір ол түрмеде отыр, деп хабарлайды Daily Mail.

2018 жылдың қарашасында 45 жастағы Уэта Вэ әйелінің шіркеу қызметкері Лаулимум Люасимен хат алмасқанын оқып қояды, олар бір-біріне жазған хатында жыныстық қатынасты меңзегендей көрінеді. Бұл жайттан кейін де 62 жастағы діни қызметші әйелмен ара қатынасын үзбей, тіпті екі отбасының кездесуін ұйымдастырып, күмәнді сейілтпек болады. Вэнің әйелі де, шіркеу қызметкері де жұбайларының көзіне шөп салмағанын түсіндіруге тырысқан.

2019 жылдың қаңтарында ішімдік ішіп алған Вэ көңіліндегі күдігін әйеліне тағы айтады. Келесі күні әйел күйеуімен ажырасуға шешім қабылдап, үйден кетуін сұрайды. Содан соң бір мерекелік жиынға барғанда ерлі-зайыптыларды кездестірген куәгерлер Вэнің біртүрлі тұйық болып көрінгенін айтады. Шынында да сол жиыннан кейін Вэ үйіне қайтады да,  артынша қолына пышақ алып шығып, шіркеуге басып кіреді. Шіркеу қызметкерін пышақтаған ол әлгінің өлгеніне көз жеткізу үшін сол жерде тағы бірнеше минут күтіп тұрған.

Содан кейін үйіне оралып, болған жайды әйеліне айтады. Әйел Люасиге жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, алайда ол кезде бәрі кеш еді, яғни, шіркеу қызметкерін аман алып қалу мүмкін емес еді.

9 шілде күні сот Уэта Вэні өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотталушының 17 жылдан соң шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқығы бар.