Анкарада жарылыс болды

01.10.2023 20:10

Министрлік ғимаратының жанында лаңкестік әрекет жасалды

Фото: Анадолы

Түркия астанасындағы Қызылай ауданында елдің Ішкі істер министрлігі басқармасының бас ғимараты маңында жарылыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tvі тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап.

Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликайдың сөзінше, Анкарада министрлік ғимаратының жанында лаңкестік әрекет жасалды. Қылмыскерлердің бірі өзін жарып жіберсе, екіншісінің көзі жойылды.

 - Атыс кезінде полицияның 2 қызметкері өмірге қауіп төндірмейтін жарақат алды, - деп хабарлады мекемеден.

Оқиға болған ауданға жақын жерде бірқатар жолда қозғалыс тоқтатылды. Төтенше жағдай орнын президент күзеті де бақылап тұр.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда сарбаз өлімі тіркелді