Белгілі спортшы 5 айлық баласын ұрлап, жол шетіне тастап кеткен

27.05.2019 20:10

Аралас жекпе-жек шебері сәбиді көруге тыйым салғаны үшін бұрынғы әйелін ұрып-соққан

Рио-де-Жанейро полициясы аралас жекпе-жек шебері Алекс Оливейраны іздестіріп жатыр.

25 мамыр, сенбі күні спортшы бұрынғы әйелінің үйіне баса-көктеп кіріп, бес айлық сәбиді көруге рұқсат етпегені үшін оны соққыға жыққан, деп жазады sputniknews.kz.

Ашуға булыққан ер адам баланы ұрлап әкетіп, қала ішінде бірнеше шақырым жол жүрген соң, сәбиді жол шетіне тастап кеткен. Содан кейін өзі бой тасалаған.

Қазір спортшының қайда екені белгісіз.  

Бразилиялық Алекс Оливейра – UFC шебері, оның еншісінде 18 жеңіс пен 7 жеңіліс бар.