Қытайдың солтүстік-батысында таулы аумақта өтіп жатқан ультрамарафон барысында ауа райы күрт өзгеріп, дауыл тұрып, артынан бұршақты жауын жауған. Соның салдарынан 21 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.
Xinhua агенттігінің мәліметінше, сенбі күні түскі сағат 13.00 шамасында ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнап бұршақты жаңбыр жауған. 100 км-ге жүгіру марафоны таңертең Байинь қаласы маңында бастау алған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс тоқтатылған. Құтқару жұмысына 700-ге жуық адам жұмылдырылған, олар 151 адамды қауіпсіз жерге көшіріпті. Сондай-ақ, 16 адамның денесін тапқан.
Қазір марафонға қатысушылардың барлығы қауіпсіз жерге жеткізілген, оның ішінде бес адам ауруханаға түскен.