Мерекелік залда өрт қауіпсіздігі сақталмаған
Иракта үйлену тойындағы өрттен жүз шақты адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
CNN басылымының 27 қыркүйекте жазуынша, Ирактың Ниневия провинциясының солтүстік-шығысындағы әл-Хамдания ауданында үйлену тойы кезінде алапат өрт болды. Қайғылы оқиғаның себебі отты дұрыс қолданбау болуы мүмкін - тойда отшашулар атылып, көп шам жағылған,д п атап өтті Ирактың Азаматтық қорғаныс министрлігі.
Өрттің тез таралып, қаза болғандардың көп болуына мерекелік залдың өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін арзан әрі тез тұтанатын материалдармен безендірілуі себеп болған.
- Өрт тұтанғыш, арзан құрылыс материалдарын қолдану салдарынан ғимараттың ішінара опырылуына әкеліп соқты, ол жалын басталғаннан кейін бірнеше минут ішінде құлады, – деп хабарлады Ирактың Азаматтық қорғаныс министрлігі.
Оқиға орнынан түсірілген суреттерде жергілікті мерекелік залдан көтерілген қалың түтін бағанасы көрінеді. Аман қалған қонақтардың бірі журналистерге қалыңдық пен күйеу жігіттің зардап шекпегенін айтқан.
Оқи отырыңыз: Алматы Орталық Азиядағы Seegene жетекші оңтүстік кореялық медициналық концерннің өңірлік хабына айналады