АҚШ-тың оңтүстігінде бұршақ жауып, торнадо жүріп өтті

cbsnews.com
cbsnews.com
Қолайсыз ауа райы тоғыз штаттың 11 миллион тұрғынына қауіп төндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейсенбі күні АҚШ-тың оңтүстік аймақтарында жойқын дауыл соғып, бұршақ жауды. Қолайсыз ауа райы тоғыз штаттың 11 миллион тұрғынына қауіп төндірді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық ауа райы қызметі оңтүстік штаттарда бірнеше торнадо соққанын хабарлады.

Луизиананың солтүстік-шығысы, Миссисипидің орталық бөлігі және Алабаманың оңтүстік-батысындағы тұрғындар көбірек зардап шегеді деп күтілген, бірақ қираған ғимараттар туралы хабар түскен жоқ.

Алабама штатындағы Маскл Шолс, Джексон, Виксбург, Старквилл және Миссисипи штатындағы Меридиан, Арканзастың оңтүстік-шығысы және Теннесси қалаларында қатты жел соғып, бұршақ жауды.

Метеорологтардың мәліметінше, ауа райының күрт бұзылуына жылы, ылғалды ауамен шығысқа қарай жылжып, дүркін-дүркін найзағайларға ықпал ететін суық фронт себеп болған.

Миссисипи төтенше жағдайларды басқару агенттігі тұрғындарға электр қуатының үзілуіне дайындалып, жеке көлікпен қала сыртына шықпаған жөн екенін ескертті.

Новости партнеров