Ол тиісті жарлыққа қол қойғанын айтты
Ресей президенті Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация туралы жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Мен Ресей Федерациясында ішінара мобилизация туралы ұсынысты қолдау қажет деп санаймын", - деді Путин үндеуінде.
Сондай-ақ, ол тиісті жарлыққа қол қойғанын айтты. Ресейдегі ішінара мобилизация шаралары 21 қыркүйекте басталады.