Ресми мәлімет бойынша, Венгрияда коронавирус жұқтырғандар саны 50-ге жеткен
Венгрияда жүрген қазақстандықтан коронавирус табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлады. Отандасымыз жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылған. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделіп жатыр. Аталған жағдай дипломаттарымыздың ерекше бақылауында, деді елшілік өкілі. Ресми мәлімет бойынша, Венгрияда коронавирус жұқтырғандар саны 50-ге жеткен.