Салмағы 20 келі болған 24 жастағы бойжеткен көз жұмды

15.01.2020 20:16

Жалғыз жәрдемақыға өмір сүрген Ву Хуаянның тамақ сатып алуға ақшасы жетпеген

Қытайда тек қана күріш жеп, өмір сүріп келген бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жастайынан жетім қалған 24 жастағы Ву Хуаян есімді қыз тек қана жәрдемақыға өмір сүріп келген. Оның тойымды тамақ сатып алуға ақшасы жетпейді екен.

135 см бойлы қытайлық азаматшаның салмағы небәрі 21,6 келіні құраған. Ол айына 300 юань (шамамен 15 мың теңге) сомалық жәрдемақы алып келген. Десек те бұл ақшаны қыз өзіне емес, психологиялық дертке шалдыққан інісіне құртып келіпті. 

Былтыр күзде Вудың жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған жәрдемақысынан он есе көп ақша кететін ота жасалу керек деп айтыпты. Мұны естіген Бежіңнің қайырымдылық қоры қызға ақша жинауға кірісіпті. Бірақ қажетті сома сол күйі жиналмаған. 

Әлеуметтік желі қолданушылары биліктің бұл жайтты ести тұра шарасыздық танытқанына наразы.