Шошқаның бүйрегі адамға трансплантацияланды

12.05.2024 20:18

Дәрігер кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан

elements.envato.com

Ричард Слейман 62 жасында наурыз айында Массачусетс штатының госпиталінде трансплантациядан өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Хирургтар, шошқаның бүйрегі кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан еді.

Массачусетс жалпы ауруханасының трансплантациялау тобы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Слейман шошқаның бүйрегін ауыстыру отасынан өткен алғашқы тірі адам болды.

Бұған дейін тәжірибе ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланған болатын. Екі ер адамға шошқадан жүрек трансплантациясы жасалды, бірақ екеуі де бір ай ішінде қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Біздің басты байлығымыз - өз ісін бес саусағындай білетін білікті мамандар