Ресейлік кинорежиссер Владимир Меньшов коронавирустан қайтыс болды

05.07.2021 21:50

Көрнекті кеңестік және ресейлік кинорежиссер, актер, сценарист, продюсер

© РИА Новости / Владимир Вяткин

Режиссер Владимир Меньшов коронавирус салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости «Мосфильм» сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін Мосфильм» киноконцерні және Владимир Меньшовтың отбасы Владимир Валентиновичтің қайтыс болғаны туралы хабар берді. Көрнекті кеңестік және ресейлік кинорежиссер, актер, сценарист, продюсер, «Мосфильмнің» басқарма мүшесі 82 жасында коронавирус инфекциясының салдарынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Владимир Меньшов - КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1981), Н. К.Крупская атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлығының (1978) және америкалық "Оскар" киноакадемиясы сыйлығының ("Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша) лауреаты, РФ Кинематографистер одағының мүшесі.

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz