Саша Барон Коэн "Борат" үшін неге Қазақстанды таңдағанын түсіндірді

27.10.2020 20:19

Нағыз Қазақстан "Бораттағы" нұсқасына қарағанда заманауи, намысшыл халқы бар әсем ел – Саша Барон Коэн

ria24.today

Ұлыбританиялық актер, Борат ролінде ойнайтын Саша Барон Коэн фильмі үшін неге Қазақстанды таңдағанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tjournal.ru-ге сілтеме жасап.

Саша Барон Коэн елді таңдау барысында, Қазақстанның туристерге арналған Kazakhstan.Very nice! деп аталатын ресми жарнамалық науқанына көзі түскенін айтады.

«Бұл комедия, ал фильмдегі Қазақстанның шынайы елмен ешқандай байланысы жоқ. Мен Қазақстанды таңдадым, өйткені АҚШ-та бұл ел туралы ешкім ештеңе білмеді. Бұл бізге ессіз комедиялық, жалған әлем құруға мүмкіндік берді. Нағыз Қазақстан "Бораттағы" нұсқасына қарағанда заманауи, намысшыл халқы бар әсем ел», – деді ол.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірген болатын. Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп актер Саша Барон Коэнді сынға алған еді.