Бауыры зақымдалған ақ халатты жан 2 маусымда жан тапсырған
Уханда COVID-19-дан емделіп жүріп, терісі қарайып кеткен дәрігер қайтыс болды. Бауыры зақымдалған ақ халатты жан 2 маусымда жан тапсырған. Бұл туралы Global Times басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ху Вейфенг қауіпті індеттен қаза болған қалалық орталық аурухананың алтыншы қызметкері. Есте болса, дәрігер медициналық мекемедегі суретін жүктеген сәттен бастап, бұл оқиға қызу талқыланған болатын. Қарқынды ем алған азаматтың бауыры зақымдалып, салдарынан терісі қарайып кеткен. Емнің жанама әсері оның әріптесінде де байқалыпты.