Осы факті бойынша тергеу амалдары басталды
Өзбекстан шекарашылары 5 мамырда Қырғызстанның үш азаматына қатысты қару қолданды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Zakon.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға Жалал-Абад облысы Ала-Бұқа ауданы Ақтам ауылдық басқармасына қарасты Добо-Коргон жерінде болған. Үш қырғызстандық оқ жарақатын алды, олар Ала-Бұқа ауданындағы ауруханаға жеткізілді. Олар сол жерде тілге келместен қайтыс болды.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ала-Бұқа бағыты бойынша Қырғыз Республикасының шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Қорған бағыты бойынша шекара өкілімен кездесті. Тараптар қызметтік тексерулердің қорытындысы бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға келісті", – делінген Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметінің хабарламасында.
Ведомство осы факті бойынша тергеу амалдары басталғанын хабарлады.