Апат болған жерден 5500-ден аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді
Испанияның Ла-Пальма аралындағы Кумбра-Вьеха жанартауының атқылауы кезінде таудан құлаған ыстық шоқтан 100-ге жуық үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Апат болған жерден 5500-ден аса тұрғын дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, аталған жанартау соңғы рет 1949 жылы атқылаған.