Іздеу-құтқару жұмыстары дамылсыз жүріп жатыр
Жапониядағы жойқын жер сілкінісінің арты алапат су тасқынына ұласты. Қаза болғандар саны сағат санап өсіп жатыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттан 64 адам көз жұмған, 100-ден астам адам жараланған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Зілзаланың күші 7,6 баллға жеткен. Іздеу-құтқару жұмыстары дамылсыз жүріп жатыр. Ел билігі құрбандар қатары әлі өсуі мүмкін екенін ескертеді. Себебі бірнеше адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бүгінге дейін 50 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Үкімет жер сілкінісі қайталануы мүмкін деп отыр.
– Зілзала кезінде 200-ден астам ғимаратта өрт шықты. Ното түбегіне апаратын жолдар қирап, көліктер қатынай алмай қалды. Цунами де тұрғындар мен ел билігін біраз шығынға батырды. Су тасқыны салдарынан тоқтар мен электр бағандары құлап, жарық өшті. Қазір оны қалыпқа келтіру жұмыстарымен сала мамандары айналысып жатыр, – деді Жапония премьер-министрі Фумио Кисида.
Жапония астанасының әуежайында жолаушылар ұшағы өртке оранды. Салдарынан 5 экипаж мүшесі қаза тапты. Ал борт ішіндегі 400 адам дін аман. Олар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілген. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз.