Әлемде коронавирус індетінің таралуы қайта күшейіп келеді
vesti.ru
Қауіпті індетті 7 миллионнан астам адам жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлемде коронавирус індетінің таралуы қайта күшейіп келеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде қауіпті індетті 7 миллионнан астам адам жұқтырған. 400 мыңға жуық өлім тіркелді. Еуропадағы ахуал жақсарғанымен, әлем бойынша жағдай мүшкіл. Өткен тәуліктің өзінде 136 мыңнан астам жағдай анықталыпты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, бұл көрсеткіштің 75 пайызы 10 елге тиесілі. Қара тізімді Америка құрлығы мен Оңтүстік Азия елдері бастап тұр. Одан бөлек Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір бөліктерінде аты жаман ауруды жұқтырғандар саны көбейіп барады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43